Skip to main content

Қатысуға қалай өтінім беруге болады?

Өтінім қабылдау басталды! Қатысу үшін құрама командаға жауапты адам қатысатын спорт түрі бойынша біздің ресми сайттағы тіркелу парағын  онлайн түрде толтыруы қажет.
18.10.2024

Өтінім қабылдау басталды! Қатысу үшін құрама командаға жауапты адам қатысатын спорт түрі бойынша біздің ресми сайттағы тіркелу парағын онлайн түрде толтыруы қажет.

Спартакиадаға қатысушылар тіркелу үшін келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін ұсынуы керек:

•⁠ ⁠Толтырылған техникалық өтінім

•⁠ ⁠Команда мүшелерінің жеке куәліктері немесе төлқұжаты

•⁠ ⁠Әрбір қатысушының жеке жауапкершілігі туралы мәлімдеме

•⁠ ⁠«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жұмыс істеу мерзімін растайтын құжаттар

2.⁠ ⁠Жұмыс мерзімін растайтын құжаттар:

•⁠ ⁠ Халыққа қызмет көрсету орталығынан зейнетақы аударымдары туралы анықтама (бұл ретте зейнетақы аударымдарының ең аз мерзімі штаттағы қызметкерлер үшін кемінде 3 айды және аутстаффингтегі қызметкерлер мен азаматтық-құқықтық шарттар бойынша істейтін жұмыскерлер үшін кемінде 3 айды құрауы тиіс).

•⁠ ⁠Спартакиаданың әрбір қатысушысы үшін (шетелдік қызметкерлер/ҚР резиденті емес үшін) еңбек шарты.

3.⁠ ⁠Тағы бір маңызды жайт: әрбір спортшы жеке цифрлық құжаттарға еркін қол жеткізу үшін смартфонына EGOV Mobile мобильді қосымшасын орнатып, Азаматтардың Мобильді базасында (АМБ) тіркеулі болуы керек.

4.⁠ ⁠Спартакиадаға қатысуға тіркелу кезінде ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын тексеру және қатысушыларды сәйкестендіру жарысқа кіру кезінде EGOV Mobile мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады (сонымен қатар жеке куәліктің түпнұсқасы өзіңізбен бірге болуы керек).

Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін сенім телефонры да жұмыс істейді:

+7 778 252 98 21

+7 778 252 98 26

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК ПЕН ТАРТЫСТЫ ОЙЫН ТІЛЕЙМІЗ!
ЖЕҢІМПАЗДАР ТҰҒЫРЫНДА КЕЗДЕСКЕНШЕ!

Спортқа «ИӘ» де!

Қадам жаса — чемпион атан!