Самұрық-Қазына” АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы
X Спартакиаданың ресми сайтына қош келдіңіздер!
БИЫЛ БІЗДІ ЕРЕКШЕ СПОРТТЫҚ ОҚИҒА КҮТІП ТҰР — БҮКІЛ ЕЛДЕН МЫҢДАҒАН ҚЫЗМЕТКЕРДІ БІРІКТІРЕТІН МАҢЫЗДЫ ШАРА.
СПАРТАКИАДА — СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА, КОРПОРАТИВТІК РУХТЫ НЫҒАЙТУҒА ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН.
ЖАРЫСТАР ТҮРЛІ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ҚАМТИДЫ
Командалық спорт түрлері: футзал, волейбол, баскетбол, арқан тарту, киберспорт (CS2), асық ату, эстафеталық жүзу.
Жекелей спорт түрлері: үстел теннисі, жүзу, шахмат (инклюзив санаттары бар), тоғызқұмалақ, армрестлинг, садақ ату, дартс (инклюзивті).
Іріктеу кезеңдері 15 шілдеге дейін портфельдік компанияларда өтеді.
ЖЕҢІМПАЗДАР 8-10 ТАМЫЗ КҮНДЕРІ ӨТЕТІН СУПЕРФИНАЛҒА ҚАТЫСАДЫ.
ӨТЕТІН ОРНЫ —НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АТЛЕТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ. (Астана)
Қатысу шарттары: кемінде 9 ай жұмыс өтілі бар қызметкерлер, сондай-ақ бала күтімі демалысындағы және зейнеткерлікке шыққан қызметкерлер қатыса алады.
Тіркелу — онлайн платформа арқылы жүзеге асырылады.
Команда құрамы, өтінім беру тәртібі, форма және қатысу ережелері туралы толық ақпаратты — Спартакиаданың Регламентінен таба аласыз.
ЖАҢАЛЫҚТАРДАН ХАБАРДАР БОЛУ ҮШІН СПАРТАКИАДАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРІНЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ.
ҚОСЫЛЫҢЫЗ — ҚОЗҒАЛЫСҚА!
БІР КОМАНДА — ОРТАҚ ЖЕҢІС!
Мұрағат



Жарыс өтетін орын:
Астана қ., Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр даңғылы, 53к3а, атлетикалық орталық.
Өткізу мерзімі:
8-10 тамыз 2025 жыл

ФУТЗАЛ

ВОЛЕЙБОЛ

БАСКЕТБОЛ

АРҚАН ТАРТУ

КИБЕРСПОРТ

АСЫҚ АТУ

ЖҮЗУДЕН ЭСТАФЕТА

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

ЖҮЗУ

ШАХМАТ

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

АРМРЕСТЛИНГ

САДАҚ АТУ
«Самұрық-Қазына» спартакиадасы









Актуалды жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біз күн сайын матчтар мен турнирлердің нәтижелерін жариялаймыз, спортшылардың жетістіктері туралы айтып, ойындарға талдау жасаймыз және спорт әлемін өзгертіп жатқан маңызды оқиғалар туралы хабарлаймыз.
Спартакиада қайта оралуда
8–10 тамыз аралығында Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы X Спартакиада өтеді.

Биылғы X Спартакиада қайда өтеді?
Биылғы Спартакиаданы Назарбаев Университеті қонақжайлықпен қабылдайды. Барлық жарыстар дәл осы жерде өтеді.

Қатысушыларды не күтіп тұр?
Спорттық бағдарламада 14 спорт түрі қарастырылған, олардың қатарында олимпиадалық және ұлттық спорт түрлері де бар.

БАРШАҢЫЗҒА СӘТТІЛІК ЖӘНЕ ТАМАША ӨНЕР КӨРСЕТУ ТІЛЕЙМІЗ!
ЖЕҢІМПАЗДАР ТҰҒЫРЫНДА КЕЗДЕСКЕНШЕ!