Skip to main content

Арқан тарту: турнир туралы нені білуіңіз керек? Спартакиада-2024

Күш, төзімділік және командалық рух сыналатын қызықты арқан тартысы! Кім тегеурінге төтеп беріп, қыңыр күресте жеңіске жетеді?
29.10.2024

Арқан тарту: турнир туралы нені білуіңіз керек?

Күш, төзімділік және командалық рух сыналатын қызықты арқан тартысы! Кім тегеурінге төтеп беріп, қыңыр күресте жеңіске жетеді?

Команда құрамы: 8 адам.

Алаңдағы 6 негізгі қатысушы + 2 қосалқы ойыншы.

Арқан тарту жарысы басталар алдында тарапты таңдау жеребемен анықталады, бірінші раундтан кейін командалар тараптарын ауыстырады.

Жекпе-жек екі раундтан тұрады.

Бір раундта жеңіске жеткені үшін командаға 1 ұпай беріледі. 1:1 есебінде қосымша раунд жарияланады.

2:0 есебімен матчта жеңіске жету 3 ұпай әкеледі.

Жеңілгендер ұпай алмайды. Екі бұзушылыққа (фол) жол берген команда автоматты түрде ұтылады.

Киімжарақ

Тыйым салынатын аяқ киім:

  • қауіп төндірмеуі керек;
  • жарыс өтетін жердегі еденге зақым келтірмеуі керек;
  • спорттық емес аяқ киімді, мысалы, керзі етік және қонышты етік киюге жол берілмейді.

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК ПЕН ТАРТЫСТЫ ОЙЫН ТІЛЕЙМІЗ!
ЖЕҢІМПАЗДАР ТҰҒЫРЫНДА КЕЗДЕСКЕНШЕ!

Спортқа «ИӘ» де!

Қадам жаса — чемпион атан!