
Футзал: турнир туралы нені білуіңіз керек?
Ерлер командасы динамикалық футзал матчтарында жарысады: тоқтаусыз, қатаң киімжарақта және тек үздіктер ғана топтық кезеңнен өтеді!
Команда құрамы – 10 адам (алаңда – 5 адам, ауысуға – 5 адам). Ойын ерлер командасы арасында өткізіледі.
Матчтардың ұзақтығы – 15 минуттан 2 тайм, ауттарға, айыппұлдарға, голдарды тойлауға және т.б. уақыт тоқтатылмайды, үзіліс – 5 минуттан көп емес.
Командалар «соқыр жеребе» принципі бойынша топтарға бөлінеді. Матчтар «әркім әркіммен» жүйесі бойынша өтеді.
Топтық кезеңдегі жеңімпаздар ұпай саны бойынша анықталады: Жеңіс – 3 ұпай, тең нәтиже – 1 ұпай, жеңіліс – 0 ұпай.
Киімжарақ.
Міндетті шарттар:
- арнайы ойын аяқ киімінің болуы;
- қорғаныс футбол қалқандарының болуы;
- футболканың алдыңғы және артқы жағында, сондай-ақ шортыдың сол бөлігіндегі алдыңғы жағында нөмірі (жапсырмасы) көрсетілген бірыңғай форманың болуы.
Киімжарақ болмаған жағдайда ойыншы матчқа жіберілмейді.